19 мамыр Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында өткен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған Мәдениет: Кітап. Білім. Тіл. "Open Air-2023" атты кітап фестиваліне Аққайың ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері қатысты.
Кітапхана ғимаратының алдындағы алаңда «BOOKS-TOP» - кітапханалар мен баспалардың көрме-жәрмеңке павильондары ұйымдастырылды.
Фестивальге зиялы қауым өкілдері, баспагерлер, қолөнершілер, БАҚ өкілдері, кітапханашылар мен оқырмандар қатысты.
Фестиваль Қазақстанның барлық өңірлерінен құрметті қонақтар мен 200 ден астам кітапханашы қызыл кілеммен салтанатты шеруден басталды.
Іс-шараны ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Раздықұлы Оралов құттықтау сөзімен ашты.
Бағдарлама ауқымды болды-бұл антиквариат экспозициясы және жаңа кітаптардың тұсаукесерлері, шеберлік сыныптары, дөңгелек үстелдер, онда көптеген мәселелер қызу талқыланды. Жазушылардың, редакторлардың, журналистердің және кинорежиссерлердің қатысуымен "Кітап оқу – жетістік трамплині" атты арнайы нетворкингі ұйымдастырылды. Фестиваль жоғары деңгейде өтті, шара соңында барлық мамандар сертификат алды.
ҚР Мәдениет және спорт министрі А. Ораловтың алғыс хатымен "Аққайың ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ марапатталды.
Сол күні QAZAQSTAN ОКЗ-да "Ел бірлігі - Жаңа Қазақстан" гала-концерті өтті, онда ел өңірлерінен үздік орындаушылар мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті. Сахнада классикалық, эстрадалық және халық шығармалары шырқалды.