Аудандық кітапхана жанындағы "Парасат жолы" орталығында ауылдық округ ардагерлер кеңесімен бірлесіп "Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік зұлымдық" атты ақпараттық сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жою.
Кітапханашы Р.С. Айгужин өз сөзінде "Парасат жолы" орталығының жұмысы туралы айтып, тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлықты жою мәселелеріне басты назар аударды. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан ТМД елдерінің ішінен бірінші болып "Сыбайлас жемқорлық туралы" Заң қабылдады, ал Қылмыстық және Әкімшілік кодекстерде жеке тарауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілік туралы баптар бөлінді. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының мысалдарын келтіріп, сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің көріністеріне қарсы күресте қоғамдық ұйымдардың рөлін атап өтті және сыбайлас жемқорлықты жоюдың негізгі шараларын айта кетті.