Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында 14 желтоқсан күні Аққайың аудандық кітапханасының оқу залында "Тәуелсіз Қазақстан тарихы" атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Смирново ауылы ұйымдарының басшылары мен мамандары, мектеп оқушылары мен кітапхана пайдаланушылары шақырылды. Іс-шараны жүргізуші қонақтарды Тәуелсіз Республиканың қалыптасу және даму тарихымен таныстырды, "Тәуелсіздік тұғыры" атты бейнеролигі көрсетілді.
Дөңгелек үстелде 1986 жылғы желтоқсандағы оқиғалар, осы оқиғаға қатысушылар туралы айтылды. Іс – шара барысында біздің мемлекетіміздің қалыптасуының негізгі кезеңдері-тәуелсіздік алғаннан бастап бүгінгі күнге дейін айтылды. Іс-шара процесі Мәдениет үйі қызметкерлерінің орындауындағы музыкалық нөмірлермен сүйемелденді.
Соңында Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуындағы негізгі тарихи кезеңдерді ашқан "Тәуелсіз Қазақстанның тарихы" атты кітап көрмесіне шолу жасалды.