Жазғы оқу бағдарламасы аясында Аққайың аудандық кітапханасы ашық аспан астында «Скамейкадағы кітап» атты әдеби кездесу ұйымдастырып, жазғы оқырман залын ашты. Іс-шараның басты мақсаты – балалар мен ересектерді кітап оқуға тарту, үздік әдеби жаңалықтармен таныстыру, сондай-ақ кітапхана қызметтері мен мүмкіндіктерін насихаттау.
Жазғы оқырман залы – бұл таза ауада пайдалы әрі қызықты уақыт өткізуге, кітаппен ОС болуға, ой-өрісін кеңейтуге және жағымды эмоциялар алуға тамаша мүмкіндік. Мұндай шаралар оқырман қызығушылығын арттырып, кітапхананың оқырмандарға жақын болуына жол ашады.
Келушілерге арналған «Әрқашан оқу» атты ашық аспан астындағы кітап көрмесінде фэнтези, детективтер, әйелдер романдары және жарқын иллюстрациялы балалар кітаптары ұсынылды. Әрбір қатысушы өзіне ұнаған кітапты таңдап, орнында парақтап көруге немесе үйге алып кетуге мүмкіндік алды. Кітапханашы Риде И.П. кітап таңдауға көмектесіп, жаңа оқырмандарды кітапханаға жазып, қызметтер бойынша кеңес берді.
Ауыл тұрғындары кітаптарға үлкен қызығушылық танытып, әдеби скамейкаға қуана жақындап, кітаптарды қарап, кітапханашымен әңгімелесті.
Осындай шаралар оқуға деген сүйіспеншілікті дамытып қана қоймай, сонымен қатар мейірімділік, жайлылық пен мәдени бірліктің атмосферасын қалыптастырады.
Аққайың аудандық кітапханасы жаңа жұмыс формаларын іздестіруді жалғастырып, оқуды барлық жастағы адамдар үшін қолжетімді, қызықты және заманауи етуге ұмтылады.