KZ

«Аққайың ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» КММ
РЕСМИ САЙТЫ

Адам тек біліммен тірі,
Тек білім ғасырды қозғайды!
"Қолымнан келмейді" деп айтпа.
Білімге жаныңмен ұмтыл.
(А. Құнанбайұлы)

KZ | RU

Адамға түсініксіз болса – кітапханаға барады, адамға қызық болса – кітапханаға барады, адамға бір нәрсе маңызды болса – кітапханаға барады. Қош келдіңіздер, құрметті оқырмандар!

«Оқитын ұлт» марафоны

Қыркүйек айында Қазақстанның барлық өңірін қамтыған республикалық «Оқитын ұлт» марафоны басталды. Марафонның басты мақсаты – кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, отандық әдебиетті насихаттау және үздіксіз білім алуға деген мәдениетті қалыптастыру.

Смирново балалар кітапханасының қызметкерлері Смирново орта мектебінің №3 6–9 сынып оқушыларымен кездесу өткізіп, мектеп оқушыларын марафонға қатысуға шақырды. 

Шара барысында оқушыларға марафонның шарттары мен қатысу тәртібі түсіндірілді. Арнайы кітапхана қызметкерлері дайындаған ақпараттық брошюралар таратылды. 

Брошюрада марафонға қатысудың барлық кезеңдері қадам-қадамымен көрсетілген:

  • марафонға қалай қатысуға болады;
  • қандай талаптарды орындау қажет;
  • қандай кезеңдерден өту керек;
  • қатысу шарттары;
  • марафон соңындағы марапаттау мен сыйлықтар туралы ақпарат берілген. 

Кітап оқу – білім мен дамудың маңызды баспалдағы. Балаларды кітап оқуға қызықтырып, олардың оқу мәдениетін қалыптастыру – кітапхананың басты міндеттерінің бірі.

24.09.2026
Қараулар: 22