Жергілікті жерлерде ауылдық кітапханаларға әдістемелік көмекті ұйымдастыру мақсатында, сәуір айында ОКЖ директоры М.Ө. Шәріпова, ОКЖ әдіскері К.Н. Кәлімбетова ауылдық кітапханаларға баруды ұйымдастырды. Кітапханаларды тексеру барысында кітапханашылардың қызметіне талдау жүргізілді. Кітапханалық құжаттаманы уақтылы және сапалы жүргізуге, қызметті бағалау үшін қажетті есептілікті қамтамасыз етуге көмектесуге бағытталған көмек көрсетілді. Қордың орналастырылуына, қолданыстағы кітап көрмелеріне, ақпараттық стендтерге тексеру жүргізілді және одан әрі жұмыс істеу үшін ұсыныстар берілді. Сапар қорытындысы бойынша кітапхана қызметін жоспарлы және тиімді дамыту бойынша мақсаттар мен міндеттер анықталды.