2025 жылға арналған жоспарлар мен міндеттер
17 қаңтарда орталық аудандық кітапханада «2024 жылғы кітапхана жүйесінің негізгі табыстар мен жетістіктері. 2025 жылға арналған жоспарлар мен міндеттер» тақырыбына Аққайың ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Е.Х. Дәнебаев, Аққайың ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы С.А. Мәкентаева және Аққайың орталықтандырылған кітапхана жүйесінің мамандары қатысты.
Директор Мәряш Шәрипова құттықтау сөз сөйледі, ол 2024 жылы кітапханалардың жұмысын қорытындылады, 2025 жылы даму перспективалары туралы айтты.
Семинардың бірінші бөлімінде Ержігіт Дәнебаев «Әңгімеге шақыру» пікір трибунасын өткізді. Әңгіме барысында кітапхана мамандары мен басшылары оқырмандардың назарын аудару үшін жаңа формаларды, әдістерді және балалар мен жасөспірімдерді оқу мен кітапқа баулу жолдарын енгізу мәселелерін шешті.
Бұдан әрі сөз сөйлеуді ОКЖ әдіскері Күлшира Қалымбетова жалғастырды. Ол жұмысшы мамандығының жылына, «Бір ел - бір кітап» акциясына, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және Ұлттық кітап күніне, сондай-ақ іс-шаралар, есептілік қорытындылары бойынша мақалалар мен фотосуреттерді дайындау сапасына баса назар аударды, қателіктерге назар аударды, оларды түзету бойынша ұсыныстар берді.
Кітапхана қорын есепке алу және әдебиеттерді есептен шығару бойынша жинақтау бөлімінің кітапханашысы Зәуре Үмбетова сөз сөйледі.
Жобалық қызметтің арқасында кітапхана көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартады, жұмыстағы жаңа бағыттарды айқындайды. Барлық ауылдық кітапханашылар жобалар жасайды, түрлі конкурстарға қатысады.
Сондықтан семинардың екінші бөлімінде ОКЖ әдіскері Қ. Қалымбетова, Қиялы және Григорьевка ауылдық кітапханаларының кітапханашылары Гүлшам Сақтағанова мен Илона Жалкинова «Біздің өлке, «Барлығына оқу» және «Шекарасыз оқу» жобаларының тұсаукесерлерін ұсынды.
Қорытындылай келе, барлық қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісті, қызығушылық жобалары бойынша мәселелерді талқылауға қатысты.