Орталық аудандық кітапханада Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған «Соғыс жылдарының әндері» атты караоке — кездесу форматындағы патриоттық іс-шара өтті. Бұл кездесу соғыс жылдарының ауыр сынақтарынан өткен ұрпақтың ерлігі, батылдығы мен рухының беріктігін еске салды.
Іс-шара жүргізушінің кіріспе сөзімен басталып, ол тарихи жадты сақтау мен Отан қорғаушылардың ерлігіне құрмет көрсетудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, қазақстандықтардың Ұлы Жеңіске қосқан үлесіне ерекше назар аударылды. Одан кейін соғыс туралы әсерлі өлеңдер оқылып, қатысушылар белгілі ақындардың жыр жолдарын мәнерлеп жеткізе отырып, қайғы — қасіретті, үміт пен болашаққа деген сенімді көрсетті.
Кездесудің жалғасы ретінде соғыс жылдарының әндері караоке форматында орындалды. Қатысушылар «Катюша», «Смуглянка» және «Жеңіс күні» сияқты таныс әндерді ерекше ықыласпен орындады. Бұл әндер көпшілікті біріктіріп, халықтың төзімділігі мен жеңіске деген сенімін тағы бір мәрте сезіндірді.
Іс-шара соңында қонақтар өлкетану музейіне барып, соғыс жылдарындағы тарихи деректермен және батырлардың тағдырларымен жақынырақ танысты. Қорытындысында қатысушылар тақырыптық көрме жанында естелік суретке түсіп, кездесуден алған жылы әсерлерін сақтап қалды.