Кітап балаға ерте жастан бастап әлемді тануға көмектеседі, мейірімділікке тәрбиелейді, асыл ойларды қалыптастырып, жақсы істер жасауға жетелейді. Оқу арқылы балалардың өмірі жарқын, қызықты әрі мазмұнды бола түседі.
Смирнов балалар кітапханасында тұрақты түрде «Жаңа кітаптар керуені. Караван новых книг» атты кітап көрмесі ұйымдастырылған. Көрмеде балалар әдебиетінің жаңа кітаптары ұсынылған.
13 наурыз күні жас оқырмандар үшін «Жаңа кітап беттерімен» атты танымдық экспресс өткізілді. Кітапханашы балаларды жаңа басылымдармен таныстырды — қызықты оқиғаларға толы, достық пен батылдық туралы әңгімелер, жануарлар жайлы шығармалар және сүйікті ертегілер қамтылған әсем безендірілген кітаптар ұсынылды.
Балалар ұсынылған кітаптарды қызығушылықпен қарап, өз әсерлерімен бөлісіп, үйде оқу үшін ұнаған кітаптарын таңдап алды.