KZ

«Аққайың ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» КММ
РЕСМИ САЙТЫ

Адам тек біліммен тірі,
Тек білім ғасырды қозғайды!
"Қолымнан келмейді" деп айтпа.
Білімге жаныңмен ұмтыл.
(А. Құнанбайұлы)

KZ | RU

Адамға түсініксіз болса – кітапханаға барады, адамға қызық болса – кітапханаға барады, адамға бір нәрсе маңызды болса – кітапханаға барады. Қош келдіңіздер, құрметті оқырмандар!

Кәсібилік – бір неше қадам жетістікке

Орталықтандырылған аудандық кітапхананың әдістемелік жұмысы кітапхана қызметін ақпараттық қамтамасыз етуге бағытталған, кітапхана кітапханашыларының үздіксіз кәсіптік білім алуға, ауылдық кітапханаларға нақты әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетуге бағытталған.

Ағымдағы жылы ОАА алдына негізгі міндеттер қояды:

  • әдістемелік мониторинг, кітапхананың ағымдағы қызметіне диагностика жүргізу ;
  • консультациялық-әдістемелік көмек көрсету, әдістемелік құралдар жасау және басып шығару, бағдарламаларды жобаларды, акцияларды әдістемелік қамтамасыз ету;
  • инновациялық қызмет, инновацияларды, инновациялық тәжірибені іздеу, анықтау, насихаттау, жаңалықтарды әдістемелік қамтамасыз ету;
  • ауылдық кітапхана мамандарының кәсіби дамуына жәрдемдесу;
  • PR–қызметі, кітапхана қызметін, олардың қызмет көрсету ресурстарын насихаттау.

Аққайың ауданының кітапхана желісіне орталық аудандық кітапханасы, 12 ауылдық кітапхана-филиалдары мен Смирнов балалар кітапханасы кіреді. Барлық кітапханалар қалыпты жұмыс істеп тұр.Әдістемелік бөлімде үш адам жұмыс істейді– әдіскер, библиограф, ОК және ТӨ кітапханашы.

Соңғы екі жылда директормен және әдістемелік бөліммен бірлесе отырып, біліктілікті арттыру бойынша жоспар әзірленді, мектептегі "Профи" сабақтары бір жылға жасалған жоспар бойынша жүргізіледі. ОАА қызметкерлері ауыл кітапханашылармен "Профи" тақырыбына мастер-класстар, практикумдар «Компьютер: шаг за шагом» бағдарламасы бойынша. Жаңа ақпараттық технологиялар бойынша барлық ауылдық кітапханашылар білім алуда, тіпті, компьютерлері жоқ кітапханашылар.

Біздің кадрлар - біздің мақтанышымыз. Барлық ұжым қызметкерлері кәсіби кітапханалық білімі бар және жұмыс өтілі үлкен қызметкерлер. Жаңа қызметкерлермен жеке консультациялар өтеді.

Ауыл кітапханашылары өздерінің кәсіби деңгейлерін арттырады және ОАА өткізілетін барлық семинарларға, шығармашылық конкурстарға қатысады. Қазіргі уақытта біздің ауданда Полтавка ауылдық кітапханасының жаныда медиатека ашылады, үй-жай дайындалып жатыр, құрал-жабдықтар, жиһаз сатып алынады. Осы кітапханада күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Аудан кітапханаларының кітапханалық шеберлік конкурстарына табысты қатысып, жүлделі орындарға ие болғандарын айтып кету қажет: «Ең Үздік мәдениет мекемесі», «Ең Үздік ауылдық кітапхана» номинациялары. Власов, Григорьевская кітапхана атап кетуге болады.

Бізде талантты жастар да бар өткен жылы Шағалалы ауылының кітапханашысы Увалиева Айнагүл Көшербаева «2015—табысқа жету бапалдағы» атты жас мамандар үшін өткізілген аудандық байқауда бірінші орынды. Біздің қызметкерлеріміздің кәсіби деңгейін арттыру нысандарының бірі – ішкі жүйедегі кәсіби байқаулар.

Осы конкурстардың жарыс кезінде қітапханашылардың іс жүзінде белгілі бір күш жігерді, бастамашылдық танытып, ең бастысы әріптестер тәжірибесін және оны инновациялық жаңалықтарда қолдануға мәжбүрлейді. Кезекті конкурстың әрбір тақырып жұмысын жақсартуға қандай бағытта кітапхана қызметін немесе қызметінің қорытындысын жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді. Ағымдағы жылы тамыз айына «А ну — ка, девушки!» кәсіби байқауы жоспарланған.

Ай сайын ауылдық кітапхана-филиалдары алдағы айда өткізілетін іс-шаралар туралы хабарлайды, содан кейін жинақталған іс-шаралар жоспары жасалып, аудандық әкімшілігіне жолданады.

Ауыл оқырмандарына қызмет көрсетілуіне ерекше назар аударылады. Осы мақсатпен негізгі көрсеткіштер: келушілер саны, кітап берілімі, көпшілік шаралар бойынша жұмыс қорытындысының мониторингтері тоқсан сайын жүргізіледі. Біздің жүйеде кітапханашылар нені оқиды мәселесін анықтау үшін «Оқырман кітапханашы» сауалнамасы жүргізіді. Кітапханашылардың жеке талғамы түрлі типті әдебиет жанрларды қамтиды, алайда біздің әріптестеріміз кәсіби әдебиетке басымдық береді, өздігінен білім алумен айналысады.

Аққайың ауданы жүйесінің барлық қызметкерлеріне кітап оқу өмірлік мәні бар құбылысты білдіреді деп батыл қорытынды жасауға болады. Әртүрлі санаттағы оқырмандар: балалар, жасөспірімдер, ересек халыққа қызмет көрсетіп жаңа жұмыс нысандарын, ақпараттық кеңістігінің шекарасын кеңейту, жергілікті қоғамдастық мүмкіндіктерін тұрақты іздеуде.

18.04.2016
Қараулар: 1662