KZ

«Аққайың ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» КММ
РЕСМИ САЙТЫ

Адам тек біліммен тірі,
Тек білім ғасырды қозғайды!
"Қолымнан келмейді" деп айтпа.
Білімге жаныңмен ұмтыл.
(А. Құнанбайұлы)

KZ | RU

Адамға түсініксіз болса – кітапханаға барады, адамға қызық болса – кітапханаға барады, адамға бір нәрсе маңызды болса – кітапханаға барады. Қош келдіңіздер, құрметті оқырмандар!

Туған өлке тарихына саяхат

Аққайың ауданының аудандық кітапханасы жанындағы өлкетану музейінде танымдық экскурсия ұйымдастырылып, ол туған өлкенің тарихы мен мәдени мұрасына қызықты саяхат,қа айналды.

Экскурсияға қатысушылар ата-бабаларымыздың тұрмыс — тіршілігі, салт — дәстүрі мен қолөнері туралы сыр шертетін музей жәдігерлерімен танысты. Әсіресе бұрынғы заманда тұрмыстық бұйымдардың қалай жасалғанын көз алдымызға елестетуге мүмкіндік беретін көне тоқыма станогы үлкен қызығушылық тудырды.

Экскурсия барысында көне кітаптарға, қолжазбаларға және тарихи материалдар,ға ерекше назар аударылды. Сарғайған парақтар мен бірегей құжаттарды тамашалай отырып, қатысушылар өткен тарихқа жақындай түсіп, ұрпақтар сабақтастығын сезінді.

Осындай кездесулер туған өлке тарихына жаңаша көзқараспен қарауға, өткенді есте сақтауға және туған жерді зерттеуге деген қызығушылықты арттыруға ықпал етеді.

Өлкетану музейі — тарих тіріліп, өткен кезең заттар, құжаттар мен ұрпақтар жады арқылы сыр шертетін ерекше орын.

 

08.10.2026
Қараулар: 51