4 маусымда Полтавка ауылдық кітапханасында Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Туған елдің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны» атты іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға түрлі жастағы пайдаланушылар қатысты. Бейнероликті көріп, мемлекетіміздің мемлекеттік рәміздерінің маңыздылығы туралы кішігірім үнқатысудан кейін шағын викторина өткізілді. Қатысушылар 2 топқа бөлінді. Қазылар алқасының мүшелері «Не стареющие сердца» клубының мүшесі Г.П. Симионенко және мәдениет үйінің меңгерушісі Г.К. Жәкенова болды. Топқа «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» тақырыбы бойынша сұрақтар қойылды. Викторинаның белгілі бір кезеңінен кейін «Всезнайки» топ мүшелері жеңіске жетті. Барлық викторина қатысушылары мен белсенді көрермендер аудан әкімі О.Н. Семенюк тарапынан естелік сыйлықтармен марапатталды.