6 мамырда Смирново ауылының орталық кітапханасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шахматтан ашық турнирге қатысқысы келетіндердің барлығына есік ашылды. Аққайың аудандық кітапханасы үшін осындай деңгейдегі спорттық іс-шаралар дәстүрге айналды.
Ашық турнирдің ұйымдастырушылары: "Аманат" партиясы қоғамдық бірлестігінің филиал төрағасы С.У. Мұқанов, аудандық ардагерлер кеңесі, спорт бөлімі. Сәбит Өмірзақұлы барлық қатысушыларды Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен, сондай-ақ турнирдің ашылуымен құттықтап, шахмат алаңында спорттық жетістіктер тіледі.
Әр жолы қатысушылар шахмат тақтасында өздерінің барлық білімдері мен дағдыларын көрсетуге тырысты. Өткізілген ойындардың қорытындысы бойынша үздіктер анықталды, олар грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
3 орын - Ахметжанова Раушан,
2 орын - Ахметов Әмірбек
1 орынды Руди Юрий мен Жақыпов Сайрамбек бөлісті.
Шахмат турнирінің барлық қатысушыларын құттықтаймыз! Баршаңызға зор денсаулық және одан әріде табыс тілейміз!