Орталық аудандық кітапханада жаңару мен келісімнің, рухани бірліктің нышаны болып саналатын Наурыз мерекесіне орай шахмат турнирі өтті.
Турнирге әртүрлі жас санатындағы қатысушылар қатысты. Олар өздерінің жоғары дайындық деңгейін, логикалық ойлау қабілетін, стратегиялық ұстанымын және төзімділігін көрсетті. Шахмат зияткерлік ойын ретінде адал бәсеке мен өзара құрмет атмосферасын қалыптастыруға ықпал етті.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарды иеленгендер:
1 орын — №3 ССМ оқушысы Скендер Ерден;
2 орын — «Шахмат ханшайымы» клубының мүшесі Кульшуков Бейсен.
Жеңімпаздар грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушылар жағымды эмоциялар алып, алдағы уақытта дамуға ынталанды.
Аталған іс-шара кітапхананың тек кітап ордасы ғана емес, сонымен қатар әртүрлі буын өкілдерін біріктіретін мәдени және зияткерлік орталық екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.