Аққайың аудандық кітапханасында Құрылысшылар күніне орай «Құра отырып, елді құрамыз» атты тақырыптық әңгіме өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқырмандарға құрылысшы мамандығының маңызын түсіндіру, еңбек адамдарына құрметпен қарауға тәрбиелеу және Қазақстандағы сәулет пен инфрақұрылым салаларына қызығушылықты арттыру.
Әңгіме барысында кітапханашылар құрылыс саласының елдің дамуына қосатын үлесі жайлы әңгімелеп, құрылысшылардың қажырлы еңбегі нәтижесінде жаңа мектептер, ауруханалар, тұрғын үйлер, жолдар мен мәдени нысандар салынатынын атап өтті.
Қазақстандағы құрылыс саласының дамуына ерекше назар аударылды. Қатысушылар Тәуелсіздік жылдарындағы құрылыс саласының даму кезеңдері, Астана қаласы, «Астана Опера» театры, Назарбаев Университеті және басқа да заманауи сәулет туындылары туралы мағлұмат алды.
Әңгіме жылы әрі танымдық атмосферада өтіп, қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.