Үздіксіз кітапханалық білім беру жүйесі еңбек қызметінің барлық кезеңінде кітапхана мамандарының құзыреттілігін қажетті деңгейде ұстап тұруға арналған, оның құрамдас бөлігі біліктілікті арттыру жүйесі болып табылады.
Біліктілікті арттыру мақсаттары, ең алдымен, кәсіби шеберлікті дамыту, біліктілік деңгейінің заманауи талаптарына және кәсіби міндеттерді шешудің инновациялық әдістерін игеру қажеттілігіне сәйкес кітапхана қызметкерлерінің теориялық және практикалық білімдерін жаңарту болып табылады.
Осы мақсатта 2022 жылдың 23-25 тамыз айының аралығында С. Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы өткізетін "Қазіргі заманғы ауылдық кітапхананың жаңа форматы" атты ауылдық кітапханашылардың кәсіби тағылымдамасында ауылдық кітапханалардың жас кітапханашылары Р. С. Айгужин және И. А.Жалкинова тағылымдамадан өтті.