Адам тек біліммен тірі,
Тек білім ғасырды қозғайды!
"Қолымнан келмейді" деп айтпа.
Білімге жаныңмен ұмтыл.
(А. Құнанбайұлы)
Смирнов балалар кітапханасының қызметкерлері аудандық кітапхана ғимаратында жұмыс істейтін IT-орталыққа келушілер үшін «Сенімге алданба!» атты ескерту сабағын өткізді.
Іс-шара барысында балалар күнделікті өмірде де, интернетте де кездесетін алаяқтықтың кең таралған түрлерімен танысты. Сондай-ақ желідегі қауіпсіз қарым — қатынас, жеке деректерді қорғау және компьютерлік ойындардағы қауіпсіздік ережелері туралы ақпарат алды.
Алған білімдерін қатысушылар викториналар мен жағдаяттық тапсырмалар арқылы бекітті. Іс-шара соңында Қазақстандағы алаяқтық туралы бейнеролик көріп, «Қауіпсіз интернет ережелері» атты жадынамаларға ие болды.