KZ

«Аққайың ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» КММ
РЕСМИ САЙТЫ

Адам тек біліммен тірі,
Тек білім ғасырды қозғайды!
"Қолымнан келмейді" деп айтпа.
Білімге жаныңмен ұмтыл.
(А. Құнанбайұлы)

KZ | RU

Адамға түсініксіз болса – кітапханаға барады, адамға қызық болса – кітапханаға барады, адамға бір нәрсе маңызды болса – кітапханаға барады. Қош келдіңіздер, құрметті оқырмандар!

«Соғыстың бала батырлары» атты ерлік сабағы

Смирнов балалар кітапханасында Жеңіс күні мерекесі қарсаңында «Соғыстың бала батырлары» атты ерлік сабағы өтті. Іс-шара ересектермен бірдей ерлік көрсеткен балаларға, балалық шағы болмаған, ерте есейген жас сарбаздарға арналды. 

Смирнов мектеп — гимназиясының 5 «Б» сынып оқушылары 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германияның Кеңес Одағына тұтқиылдан шабуыл жасағаны туралы тыңдады. Балалар жас болса да, жүрегіндегі қайсарлығымен жауға қарсы тұрған Валя Котик, Лёня Голиков, Зоя Портнова, Марат Казей, Саша Чекалин сияқты батырлар туралы білді. Жүздеген оқушы көпұлтты халықтың бостандығы жолында жандарын пида етті. 

Кітапханашы қазақ халқының аты аңызға айналған ұл-қыздары — біздің қаһарман отандастарымыз Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова және Рақымжан Қошқарбаевтың өлмес ерліктеріне ерекше тоқталып өтті.

Кездесу соңында оқушылар осындай тұлғалар мен олардың ерліктері туралы естеліктер бүгінгі бейбітшілік пен бірлікті бағалауға көмектесетінін түсінді. Ересектермен бірге алдыңғы шепте де, тылда да болған батырлардың ерлігі тарих бетінде мәңгі қалады.

 

08.05.2026
Қараулар: 90