KZ

«Аққайың ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» КММ
РЕСМИ САЙТЫ

Адам тек біліммен тірі,
Тек білім ғасырды қозғайды!
"Қолымнан келмейді" деп айтпа.
Білімге жаныңмен ұмтыл.
(А. Құнанбайұлы)180 жыл

KZ | RU

Адамға түсініксіз болса – кітапханаға барады, адамға қызық болса – кітапханаға барады, адамға бір нәрсе маңызды болса – кітапханаға барады. Қош келдіңіздер, құрметті оқырмандар!

«Жұлдызды Жұмекен» көрме — әңгіме

2025 жылғы 31 қазанда Смирнов балалар кітапханасында танымдық іс-шара – «Жұлдызды Жұмекен» атты көрме-әңгіме өтті. Бұл іс-шара Қазақстанның белгілі ақыны, жазушысы және композиторы Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығына арналды. Шара республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты – өскелең ұрпақты кітап оқуға баулу және отандық әдебиеттің үздік туындыларын насихаттау.

Іс-шара барысында кітапханашы балаларды Жұмекен Нәжімеденовтің өмірі мен шығармашылық жолымен таныстырып, оның қазақ поэзиясы мен мәдениетінің дамуына қосқан үлесі туралы әңгімеледі. Кітап көрмесінде ақынның өлең жинақтары, фотосуреттері, сирек басылымдары мен өміріне қатысты материалдар қойылды. Балалар қызығушылықпен тыңдап, ақынның шығармаларынан үзінділер оқып, пікір алмасты және өз әсерлерімен бөлісті.

 

31.10.2025
Қараулар: 42