KZ

«Аққайың ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» КММ
РЕСМИ САЙТЫ

Адам тек біліммен тірі,
Тек білім ғасырды қозғайды!
"Қолымнан келмейді" деп айтпа.
Білімге жаныңмен ұмтыл.
(А. Құнанбайұлы)180 жыл

KZ | RU

Адамға түсініксіз болса – кітапханаға барады, адамға қызық болса – кітапханаға барады, адамға бір нәрсе маңызды болса – кітапханаға барады. Қош келдіңіздер, құрметті оқырмандар!

Портреттік көрме «Шексіз талант иесі»

Смирнов балалар кітапханасында академик, жазушы, ғалым және қоғам қайраткері Евней Арыстанұлы Букетовтің 100 жылдығына арналған «Шексіз талант иесі» атты портрет — көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге оның өмірі мен қызметі жайлы кітаптар, шабыт беретін қанатты сөздері және көпқырлы тұлғасын ашатын материалдар қойылды.

Біздің қонақтарымыз 4-сынып оқушылары болды. Балалар Евней Букетовтің кім болғанын, қандай жаңалықтар ашқанын, қандай кітаптар жазғанын, неге Қарағанды университеті оның есімімен аталатынын білді.

Оқушылар ғылым мен поэзияны, химия мен адамгершілікті қатар алып жүрген тұлға жайлы қызыға тыңдады. Евней Букетов олар үшін білімге құштар, адал әрі еңбекқор болудың жарқын үлгісі болды.

11.04.2025
Қараулар: 90