KZ

«Аққайың ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» КММ
РЕСМИ САЙТЫ

Адам тек біліммен тірі,
Тек білім ғасырды қозғайды!
"Қолымнан келмейді" деп айтпа.
Білімге жаныңмен ұмтыл.
(А. Құнанбайұлы)180 жыл

KZ | RU

Адамға түсініксіз болса – кітапханаға барады, адамға қызық болса – кітапханаға барады, адамға бір нәрсе маңызды болса – кітапханаға барады. Қош келдіңіздер, құрметті оқырмандар!

Жұмаділов: дәуір және тағдыр жазушысы

«Бір ел — бір кітап» республикалық акциясы аясында 2026 жылы көрнекті қазақ жазушысы Қабдеш Жұмаділов таңдалып, оқырмандар назарына оның «Тағдыр» шығармасы ұсынылды. Бұл туындыда адам тағдыры, тарихи жады және ұлттық болмыс тақырыптары тереңінен ашылады.

Орталық аудандық кітапханада жазушының шығармашылығына арналған мазмұнды әрі тағылымды іс-шара өтті. Акция аясында «А. Жұмаділов: дәуір және тағдыр жазушысы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, онда қаламгердің халықтың рухани байлығы мен тарихи мұрасын бейнелейтін таңдаулы еңбектері ұсынылды.

Іс-шара барысында кітапханашы қатысушыларды жазушының өмірі мен шығармашылық жолымен таныстырып, оның қазақ әдебиетінің дамуына қосқан зор үлесін атап өтті. Әсіресе «Тағдыр» романына ерекше назар аударылып, шығармадағы тарихи кезеңдер аясындағы адам тағдыры, өмір сынақтары, рухани беріктік пен ұлттық құндылықтарға адалдық жан — жақты талқыланды.

Шараға қатысқан оқушылар кітап көрмесімен қызығушылықпен танысып, өз ойларымен бөлісіп, сұрақтар қойды. Жанды пікір алмасу шығарманың мазмұнын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Кітап көрмесі іс-шараның маңызды бөлігіне айналып, жазушының әдеби мұрасын кеңінен танытуға және оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.

Іс-шара жылы әрі әсерлі атмосферада өтіп, ұлттық әдебиетке деген құрметті арттыруға, оқырмандардың таным көкжиегін кеңейтуге өз үлесін қосты.

 

20.03.2026
Қараулар: 57