Аққайың аудандық Смирнов ауылдық кітапханасында «Заң және тәртіп» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелеріне арналған ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өтті.
Кездесу барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарын, заң талаптарын сақтаудың, қызметтік әдептілік пен жеке жауапкершіліктің маңызын талқылады. Сондай-ақ адалдық, ашықтық және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара соңында кітапхана мамандары құқықтық мәдениет, заңдылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыптарына арналған кітап көрмесін таныстырып, қатысушыларды ұсынылған әдебиеттермен және ақпараттық материалдармен таныстырды.
Осындай кездесулер азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғамда заң үстемдігі мен адалдық қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.
